Actor Awards
«Actor Awards» (ағылш. The Actor Awards), бұрынғы атауы — Киноактерлер гильдиясының сыйлығы (ағылш. Screen Actors Guild Awards, SAG Awards) — Киноактерлер гильдиясы мен Америка телевизия және радио артистерінің федерациясы (SAG-AFTRA) тарапынан берілетін марапат. Сыйлық 1995 жылы кино мен прайм-тайм телевизиясындағы үздік актерлік шеберлікті марапаттау мақсатында тағайындалған.
Actor Awards — киноиндустриядағы ең беделді марапаттардың бірі. Бұл сыйлық «Алтын глобус» марапатымен қатар, алдағы «Оскар» салтанатының басты бағдарларының бірі болып саналады.
Сыйлықтар жекелеген актерлік шеберлікті де, сондай-ақ драмалық және комедиялық сериалдар мен көркем фильмдердің бүкіл актерлік құрамын (ансамблін) да ерекше атап өтеді.
Сыйлыққа номинанттарды кәсіподақтың екі комитеті (кино және телевизия бойынша) анықтайды. Әр комитет құрамына жыл сайын кездейсоқ таңдалатын 2100 мүше кіреді, ал жеңімпаздарды гильдияның барлық мүшелері (2012 жылғы мәлімет бойынша 165 000 адам) дауыс беру арқылы таңдайды.
2025 жылдың қарашасында марапат атауы «Actor Awards» болып өзгертілді.[1] 2026 жылғы жағдай бойынша, «Ғашық Шекспир» мен «Шайқас артынан шайқас» фильмдері барлық тиісті санаттарда номинация алған жалғыз туындылар болып саналады,[2][3] ал «Бәрі бір уақытта, барлық жерде» фильмі — төрт бірдей марапатты, соның ішінде ең үздік актерлік құрам сыйлығын жеңіп алған жалғыз фильм.[4]
Жеңімпаздарға табысталатын, қолына комедия мен трагедия маскаларын ұстаған ер адам бейнесіндегі мүсінше ресми түрде «Актер» (The Actor) деп аталады.[5]
Санаттар
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Кино
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Телевизия
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- Драмалық сериалдағы үздік актерлік құрам
- Комедиялық сериалдағы үздік актерлік құрам
- Драмалық сериалдағы үздік актер
- Драмалық сериалдағы үздік актриса
- Комедиялық сериалдағы үздік актер
- Комедиялық сериалдағы үздік актриса
- Телефильмде немесе шағын сериалдағы үздік актер
- Телефильмде немесе шағын сериалдағы үздік актриса
- Телесериалдағы үздік каскадерлер ансамблі
Арнайы марапат
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- ↑ SAG Awards will change name to Actor Awards in 2026, CBS News (November 14, 2025). Тексерілді 6 желтоқсанның 2025.
- ↑ Higgins, Bill 'Shakespeare' doth nab 5 of SAG noms (ағыл.). Variety. (27 қаңтар 1999). Тексерілді, 24 ақпан 2022.
- ↑ Lattanzio, Ryan 'One Battle After Another' Dominates SAG Actor Award Nominations with 7, 'Sinners' Scores 5 (ағыл.). IndieWire. (7 қаңтар 2026). Тексерілді, 7 қаңтар 2026.
- ↑ Coyle, Jake 'Everything Everywhere All at Once' dominates at SAG Awards (ағыл.). AP News. (27 ақпан 2023). Тексерілді, 27 ақпан 2023.
- ↑ Screen Actors Guild Awards: Rules. Басты дереккөзінен мұрағатталған 24 қыркүйек 2015. Тексерілді, 24 қаңтар 2010.