Мазмұнға өту

Album-oriented rock

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Album-oriented rock
Бастаулары

Рок-музыка

Пайда болған уақыты мен жері

1970 жылдар, АҚШ

Өркендеу жылдары

1980 жылдар

Туыстас жанрлар

Adult-oriented rock

Альбомға бағытталған рок (ағылш. album-oriented rock, сөзбе-сөз «альбомдарға бағдарланған рок»), қысқартылған түрі AOR — мейнстримдік америкалық FM-радиостанциялардың форматы. Бұл форматта сахнада тірідей өнер көрсетуге мүмкіндігі жоқ студиялық музыкалық топтар, жеке орындаушылар немесе сайд-жобалардың музыканттары өнер көрсетеді. Бұл санатқа «біркүндік топтарды» да жатқызуға болады.

Алғашқы AOR-топтардың бірі өзінің бастапқы джаз-рок стиліндегі дыбысталуын радиоформатқа ауыстырған Journey тобы болды. AOR дыбысталуының стандарттары мыналар болып табылады: тартымды хуктар, риффті музыка, әуезді балладалар және вокалистің міндетті түрдегі жоғары әрі әдемі дауысы.[1]

Формат шекараларын анықтауы

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

AOR форматы құрамдас бөліктерінің нәзік теңгеріміне байланысты оның нақты не екенін дөп басып айту қиын. Мысалы, пуристтер Kansas, Styx және Magnum топтарын помп-рок өкілдері ретінде қарастырады. Ал басқалары Foreigner мен Toto топтарын не «асау рокерлер» (мансаптарының алғашқы кезеңінде солай болды), не кейіннен екеуі де айналған «хит-парадтарды бағындырған баллада шеберлері» деп біледі. Қалай болғанда да, бұл бес топ AOR сахнасын анық көрсетеді.[1]

1980–1990 жылдары формат шекараларының бұлыңғырлануы қайта басталды. Harem Scarem (ағыл.) мен Winger сияқты топтар AOR-дың бастапқы құрылымын күрделірек ырғақтық өрнектермен (алғашқысының Mood Swings (ағыл.) альбомы) және музыкалық талғампаздықпен (екіншісінің Pull (ағыл.) альбомы) толықтырды. Bon Jovi, Def Leppard және Europe 1990 жылдары жанрдың алыптарына айналды, тіпті мейнстрим нарығы да олардың арбауында қалды. Көбінесе AOR термині қалыптасқан, түсінікті атау ретінде қолданылады. AOR-дың айрықша белгілері: әсерлі клавиштік аспаптармен сүйемелденетін және бақытсыз махаббат туралы мәтіні бар, жағымды әрі әдемі ән.[1]

1980 жылдар: формат гүлденуі

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Ең үздік AOR альбомдарының көпшілігі 1980 жылдары жарық көрді, мелодик-рок пен AOR үшін бұл жылдар алтын ғасыр болды, олардың арасында Брайан Адамстың Reckless, Рик Спрингфилдтің «Living in Oz (ағыл.)», REO Speedwagon тобының Hi Infidelity, Heart тобының Heart және Майкл Болтонның «Everybody's Crazy (ағыл.) альбомдары сияқты стандарттар бар.[1] Journey, Survivor, Foreigner, Toto және The Babys (ағыл.) топтары өздерінің ең үздік музыкасын 1980 жылдары шығарды.[2] Сондай-ақ, үлкен табысқа кенеліп, AOR форматының сәтті болашағынан үміт үкілеген жаңа топтар да пайда болды. Көп ұзамай REO Speedwagon, Heart, Dokken, Mr. Mister, House of Lords, Bad English (ағыл.), Great White, Saga, Loverboy, Y&T (ағыл.), Dan Reed Network (ағыл.), Stryper және Legs Diamond (ағыл.) сияқты ұжымдар не хит әндер шығарып, өте бай әрі ауқатты болды, немесе өздерін жақын арада бұл міндетті түрде болатындай ұстады.[2] Біраз уақыт бойы Ұлыбританияның да өзіндік AOR сахнасы қалыптасып, FM (ағыл.), Strangeways, Tobruk (ағыл.), Heavy Pettin, Airrace, Shy, Alaska, Terraplane (ағыл.), Grand Prix, Lionheart (ағыл.) топтары мен Робин Джордж үлкен үміт сыйлады. 1980 жылдар аяқталуға жақындап, MTV арнасының ықпалы кеңінен таралған сайын, жанрлар арасындағы шекаралар бұлыңғырлана бастады және хэйр-метал бағытындағы көптеген топтар да AOR анықтамасына сәйкес келе бастады. Көбіне өздерінің сыртқы имиджіне қатты мән беретін және баспасөздің назарын аударуды жақсы білетін Bon Jovi, Def Leppard, Mötley Crüe, Poison, Cinderella, Winger, Ratt, White Lion және Warrant сияқты топтар өз репертуарларын әуезді негізге және есте тез сақталатын қайырмаларға құрды.[2] Бұған қоса, Брайан Адамс, Def Leppard, Europe, Bon Jovi, Extreme, Mr. Big және Ричард Маркстың британдық және америкалық хит-парадтарды жаппай бағындыруы үлкен серпіліс әкелді. 1990 жылдарға қарай AOR-дың позициялары мызғымастай көрінді, ал оның ең көрнекті өкілдері нағыз супержұлдыз мәртебесіне ие болды.[2]

1990 жылдардың келуімен AOR танымалдығы күрт төмендеді. Джени Лэйн өзінің дыбыс жазу лейблінің кеңсесіне кіріп, өзінің Warrant ұжымы постерінің орнынан Alice in Chains тобының суретін қалай көргенін айтып берген.[3] Slaughter да танымалдылығын жоғалта бастады, тіпті олар сұхбат беру үшін британдық музыкалық басылымдардың бірінің кеңсесіне келгенде, олардан кетуді сұраған. Уақыт сынын қабылдаған Bon Jovi тобы Keep the Faith альбомын жазды, ал Def Leppard даулы Slang (ағыл.) альбомын жарыққа шығарды. Көптеген AOR ұжымдары өздерінің музыкалық стилін гранжға ауыстырды.[3] Рок-журналистер нағыз «мысқыншыларды аулау» науқанын жариялады, 1990 жылдары мелодик-рокқа оңай болған жоқ. Бірақ бәріне қарамастан, бұл онжылдықта да альбомдар шығып жатты, тек олар бұрынғыдай танымал болмады. Crown of Thorns, Hugo, Von Groove, Ten (ағыл.), Heartland, Shotgun Symphony және Bone Machine сияқты топтар музыка жазуды тастаған жоқ, бірақ олардың альбомдары, әдетте, ірі емес, Escape Music пен қазіргі уақытта жабылған Now & Then Records сияқты тәуелсіз лейблдерде жарық көрді.[3]

Белгілі альбомдары

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

1970 жылдардың ең үздік альбомдары[4]:

1980 жылдардың ең үздік альбомдары[5]:

1990 жылдардың ең үздік альбомдары[6]:

  • For the Love of Strange Medicine — Steve Perry
  • Crown of Thorns — Crown of Thorns
  • Walk On — U2
  • Damn Yankees — Damn Yankees
  • Adrenalize — Def Leppard
  • Prisoners of Paradise — Europe
  • Mood Swings — Harem Scarem
  • Trial By Fire — Journey
  • Unruly Child — Unruly Child
  • In the Heart of the Young — Winger

(Classic Rock мәліметі бойынша)[1][5][6]

  • Abandon — Dare (ағыл.)
  • Affair of the Heart — Rick Springfield
  • Alive And Kickin' — Mr Big
  • Amanda — Boston
  • Armageddon — Prism
  • Back on the Road Again — REO Speedwagon
  • Before the Dawn — April Wine
  • Burning Heart — Survivor
  • Can’t Let You Go — Rainbow
  • (Can’t Live Without Your) Love and Affection — Nelson
  • Don’t Ever Wanna Lose Ya — New England
  • Don’t You Know What Love Is? — Touch
  • Eye Of The Tiger — Survivor
  • Fantasy — Moxy
  • Fire Dance — Gotthard
  • Forever Young — Tyketto
  • Gimme Your Love — Nantucket
  • Goodnight L.A. — Strangeways
  • Heard It Through the Grapevine — FM
  • Heaven — Bryan Adams
  • Hey World — Roadmaster
  • Hold The Line — Toto
  • How Far To Jerusalem — Magnum
  • I Believe in You — Y&T
  • I Got Your Number — Hughes/Thrall
  • I Surrender — Rainbow
  • In These Arms — Bon Jovi
  • Kingdom of Desire — Toto
  • Life’s Just An Illusion — Axe
  • Listen (Can You Feel It) — American Tears
  • Look But Don’t Touch — Skin
  • Love Don’t Lie — House of Lords
  • More Than I Can Say — Alias
  • No Easy Way Out — Robert Tepper
  • Once is Not Enough — Von Groove
  • Only Time Will Tell — Asia
  • Paradise Skies — Max Webster
  • Pickin' Up the Pieces — Glenn Hughes
  • Put on the Show — Zon
  • Reflections — Shy
  • Road of a Thousand Dreams — Trixter (ағыл.)
  • Run To You — Bryan Adams
  • Shine on Brightly — Starcastle
  • Shoot to Kill — 1994
  • Sister Christian — Night Ranger
  • Somebody Like You — Trigger
  • Straingt to Your Heart — Bad English
  • Take It Or Leave It — Saga
  • Tell Me That You Love Me — Storm
  • Tempted — Squeeze
  • The King and I — Reggie Knighton Band
  • Too Much Ain’t Enough Love — Jimmy Barnes
  • Wanna Be A Rock 'n' Roll Star — Eddie Money
  • We Built This City — Starship
  • What About Love? — Heart
  • When It’s Love — Van Halen
  • When I See You Smile — Bad English
  • Wild on the Run — Tall Stories
  • Without the Night — Winger
  • Woman — Legs Diamond
  • Working for the Weekend — Loverboy
  • Ask Me Yesterday — Pride of Lions
  • Coin of the Realm — Pride of Lions

Тағы қараңыз

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
  1. 1 2 3 4 5 Classic Rock, арнайы шығарылым, 1970 жж. Б. 76
  2. 1 2 3 4 Classic Rock, арнайы шығарылым, 1980 жж. Б. 120
  3. 1 2 3 Classic Rock, арнайы шығарылым, 1990 жж. Б. 10
  4. ↑ Classic Rock, арнайы шығарылым, 1970 жж. Б. 77.
  5. 1 2 Classic Rock, арнайы шығарылым, 1980 жж. Б. 121.
  6. 1 2 Classic Rock, арнайы шығарылым, 1990 жж. Б. 11.