Kind of Blue
| Kind of Blue | ||||
| Майлз Дэвис Студиялық альбом | ||||
|---|---|---|---|---|
| Шығарылған күні |
17 тамыз 1959 жыл | |||
| Жазылған күні |
CBS 30th Street Studio, Нью-Йорк | |||
| Жазылған орны |
CBS 30th Street Studio | |||
| Жанры | ||||
| Ұзақтығы |
45:44 | |||
| Продюсері | ||||
| Ел | ||||
| Лейблі | ||||
| Кәсіби пікірлер | ||||
| Майлз Дэвис хронологиясы | ||||
| ||||
Kind of Blue — америкалық джаз музыканты Майлз Дэвистің 1959 жылы 2 наурызда және 22 сәуірде Нью-Йорктегі «Columbia 30th Street Studio» студиясында екі сессия кезінде жазылған және сол жылы 17 тамызда «Columbia Records» шығарған студиялық альбомы. Көптеген музыка сыншылары Kind of Blue-ді ең ұлы джаз жазбасы, Дейвис өнердегі үздік туындысы және барлық уақыттағы ең керемет альбомдардың бірі деп санайды. Альбом джаз, рок және классикалық музыканың кейінгі дамуына әсер етуінің арқасында тарихтағы ең ықпалды жазбалардың бірі ретінде қарастырылады.
Нақты сандар туралы біраз пікірталастар болса да, Kind Of Blue жиі барлық уақыттағы ең көп сатылатын джаз жазбасы ретінде аталады.[3] 2019 жылы Американың дыбыс жазу өнеркәсібі қауымдастығымен бес миллион дана жиынтық тиражбен бес рет «платиналық» альбом ретінде сертификатталды.
Альбом туралы
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Диск Нью-Йорк CBS 30th Street Studio студиясында 1959 жылы 2 наурыз бен 22 сәуірде жазылды. Жазбаны жасауға саксофоншылар Джон Колтрейн мен Джулиан "Каннонбол" Эддерли, пианист Билл Эванс (тректердің бірінде Уинтон Келли ауыстырған), басист Пол Чамберс және барабаншы Джимми Коббтан тұратын Дэвистің "бірінші ұлы" секстетінің музыканттары қатысты.
Композициялар тізімі
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Барлық әндерді жазған Майлс Дейвис.
| Бірінші жағы | |||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| № | Атауы | Автор(лар) | Ұзақтығы | ||||||
| 1. | «So What» | Майлз Дэвис | 9:22 | ||||||
| 2. | «Freddie Freeloader» | Дэвис | 9:46 | ||||||
| 3. | «Blue in Green» | Дэвис, Билл Эванс | 5:27 | ||||||
| 24:35 | |||||||||
| Екінші жағы | |||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| № | Атауы | Автор(лар) | Ұзақтығы | ||||||
| 1. | «All Blues» | Дэвис | 11:33 | ||||||
| 2. | «Flamenco Sketches» | Дэвис, Эванс | 9:26 | ||||||
| 20:59 45:34 | |||||||||
Әдебиеттер тізімі
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- Palmer, Robert (1997). Liner Notes to 1997 Reissue. Kind of Blue (CD). New York, NY: Sony Music Entertainment, Inc./Columbia Records
- Kahn Ashley Kind of Blue: The Making of the Miles Davis Masterpiece foreword by Jimmy Cobb, Da Capo Press, USA, 2001. — ISBN 0-306-81067-0
- Blumenthal, Bob (2001). Liner Notes, Miles Davis at Newport 1958. Columbia/Legacy CK85202
- Nathan Brackett, Christian Hoard Rolling Stone Album Guide Simon & Schuster, 2004. — ISBN 0-74320-169-8
- Richard Cook, Brian Morton The Penguin Guide to Jazz on CD Penguin Group, 2002. — ISBN 0140515216
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- Kind of Blue (барлық басылымдары) Discogs
Дереккөздер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- ↑ Review: Kind of Blue. AllMusic. Retrieved July 21, 2009.
- ↑ Hoard, Christian. "Review: Kind of Blue". Rolling Stone: 214–217. November 2, 2004.
- ↑ Kind Of Blue: How Miles Davis Made The Greatest Jazz Album In History (ағыл.). Jazzwise. (23 желтоқсан 2019). Басты дереккөзінен мұрағатталған 21 қыркүйек 2020.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 24 шілде 2020.
| ||||||||||||||