Мазмұнға өту

Miles Monitor

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
M.33 Monitor
Түрі

Буксирлеуші ұшақ

Өндірушісі

Miles Aircraft

Мемлекеті

 Ұлыбритания

Алғашқы ұшуы

1944 жылы 5 сәуір

Негізгі эксплуатанттары

Ұлыбритания теңіз авиациясы

Өндіріс жылдары

1944 — 1946 [1]

Өндірілген бірліктері

20[2]

M.33 Monitor Ортаққорда

Miles M.33 Monitor — Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталар кезінде британдық Miles Aircraft компаниясы жасап шығарған жоғары жылдамдықты нысаналар буксирлеуші ұшақ. Ұшақтың прототипі әуеге алғаш 1944 жылы 5 сәуірде көтерілді. Барлығы 20 ұшақ шығарылды. Олар Ұлыбританияның Теңіз авиациясында шектелген уақыт қолданыста болды.

Нысаналарды буксирлеуге арналған жылдам M.33 Monitor ұшағы Q.9/42 спецификациясы бойынша жасалған болатын. Ұшақ аэродинамикалық таза, екі моторлы, жоғарғыплан, консольді қанаттармен және жинақталатын шассимен жабдықталған болатын. Miles компаниясы осы спецификация аясында екі жоба ұсынған болатын. Қажетті моторлардың болмауына байланысты алғашқы жоба басшылық тарапынан қолдауға ие болмады. Ал 1700 ат күші бар Wright Cyclone R-2600-31 қозғалтқышы орнатылған нұсқасы сәтті шықты. Miles компаниясы алғашқыда 600 ұшаққа тапсырыс алды. 1944 жылы 5 сәуірде алғашқы прототип әуеге көтерілді. Жақсы ұшу сипаттамаларына ие болғанымен, соғыстың аяқталуына байланысты ұшақ бойынша жұмыстар тоқтап қалды. Кейінрек тапсырыс саны 200, артынша 50 ұшаққа дейін азайтылды, бірақ соңында 20 ұшақ ғана жасалды. Бірақ Британ Әскери әуе күштері ұшақтарды тікелей мақсатта қолданбады. 10 ұшақ артынша Теңіз авиациясы бөлімшесіне жіберілді. Мұнда ұшақтар шамалы уақыт Monitor TT.Mk II деген атаумен қолданылды, сосын ұшақтар De Havilland Mosquito TT.Mk 39 ұшақтарымен алмастырылды.

Monitor TT Mk I
Корольдік Әуе күштеріне арналып жасалған буксирлеуші ұшақ, бір дана шығарылған.
Monitor TT Mk II
Ұлыбритания Теңіз Авиациясына арналып жасалған буксирлеуші ұшақ, бір прототип және 20 сериялы ұшақ жасалған.


Техникалық сипаттамасы

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

TT.Mk II нұсқасының техникалық сипаттамасы:[1][2]

Сипаттамалар TT.Mk II
Экипаж2 ұшқыш
Ұзындығы14,2 м
Қанат жаймасы16,9 м
Қанат ауданы46,5 м²
Биіктігі5,6 м
Бос ұшақ салмағы7145 кг
Пайдалы жүктеме300 кг
Максималді ұшу салмағы9560 кг
Максимал көтерілу биіктігі8840 м
Ұшақты аудару жылдамдығы144 км/сағ
Максималді жылдамдық576 км/сағ
Биіктік жинау жылдамдығы2,5 м/с
Қозғалтқыштар (2×)Wright R-2600-31
Қозғалтқыштың қуатыӘрқайсысы 1750 ат күші

Тағы қараңыз

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
  1. 1 2 Miles M.33 Monitor. Fleet Air Arm Archive. (2000 жыл).
  2. 1 2 "Miles M.33 Monitor". Мировая Авиация ISSN 2071-1131: 1. Қазан 2012.