Single Top 100
Single Top 100 — синглдердің физикалық тасымалдаушылардағы сатылымы мен ресми жүктеулерінің қорытындысы бойынша құрастырылатын нидерландтық хит-парад. Бұл осы елдегі үш сингл хит-парадының бірі (қалған екеуі Dutch Top 40 және Mega Top 50 деп аталады).
Тарихы
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Single Top 100 хит-парадының ізашары алғаш рет 1969 жылы 23 мамырда пайда болды және ол кезде Hilversum 3 Top 30 деп аталды.[1] Хит-парадты VPRO және NOS телеарналары таратты. 1974 жылдың маусымында Nationale Hitparade Нидерландтың ресми хит-парадына айналды.[1] 1978 жылы чарттағы орындар саны 30-дан 50-ге дейін, ал 1987 жылы 100-ге дейін өсті. Хит-парад өзінің Mega Top 100 атауын 1997 жылы иеленді.[1]
Чарттың атауы
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- 1969—1974: Hilversum 3 Top 30 (2 сәуір 1971 жылдан бастап: Daverende 30)
- 1974—1993: Nationale Hitparade
- 1974—1978 топ 30
- 1978—1987 топ 50
- 1987—1989 Nationale Hitparade Top 100
- 1989—1993 Nationale Top 100
- 1993—1997: Mega Top 50
- 1997—2004: Mega Top 100
- 2004 — қазіргі уақыт: Mega Single Top 100
Чартта 1-орынға көтерілген алғашқы ән Middle of the Road тобының «Soley soley» туындысы болды.
Тағы қараңыз
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- 1 2 3 Ed Hoogeveen Mega Charts — Jubileum Editie (нид.) Kosmos-Z&K Uitgevers, 2004. — ISBN 90-215-4020-7
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- DutchCharts.nl — Ресми сайт